Договор займа на казахском языке

Договор займа между физическими лицами В ИНТЕРЕСАХ ЗАЙМОДАТЕЛЯ. Расширенная версия.

Описание документа «договор займа между физ лицами в пользу займодателя»

В данном разделе представлена расширенная версия договора займа между физическими лицами, предусматривающая детальное описание как существенных, так и дополнительных условий в интересах займодателя.

В каких случаях используется:

Рекомендуется для использования в качестве типовой формы, если Вы планируете предоставить займ физическому лицу и ставите перед собой задачу максимально защитить свои интересы.

С другими видами договоров займа и ценами можно ознакомиться на этой странице.

Особые условия:

В договоре предусмотрены дополнительные условия, которые могут иметь существенное значение для займодателя, как например: порядок передачи и возврата суммы займа, ГЭСВ, ответственность сторон, порядок вступления в силу, изменения и расторжения договора и другие условия, которые являются обязательными в соответствии со статьей 725-1 Гражданского кодекса РК.

По отдельным условиям предусмотрены альтернативные варианты, которые Вы можете выбрать на свое усмотрение при заполнении договора, с учетом Ваших потребностей.

При разработке учтены судебная практика и анализ наиболее распространенных ошибок, что позволит сторонам избежать конфликтных ситуаций, а в случае их возникновения максимально использовать возможности договора для судебной защиты своих прав.

Важно!

Действующим законодательством предусмотрены особые нормы в отношении договора займа, заключаемого с заемщиком — физическим лицом.

Источник

договор займа

1 договор займа

2 договор займа

3 договор государственного займа

4 Залоговый кредит/Ипотечный кредит

Здравствуйте! Я хотел(-а) бы оформить кредит на покупку квартиры в вашем банке.

Сәлеметсіз бе! Мен пәтер сатып алу үшін сіздің банкіден несие ресімдегім келеді.

Сіз тұрғын үйдің бастапқы немесе қайталама нарығында пәтер сатып алғыңыз келе ме?

Я хотел(-а) бы купить квартиру на вторичном рынке жилья. Какие у Вас существуют условия кредитования?

Мен пәтерді тұрғын үйдің қайталама нарығында сатып алғым келеді. Сіздерде несие берудің шарттары қандай?

Если вы покупаете квартиру на вторичном рынке жилья, приобретаемая квартира должна располагаться в черте города и быть не ниже 1960 года застройки. При покупке жилья вы можете отдать предпочтение ипотечному кредитованию. Кредит можете оформить на любой срок: от 5 до 30 лет. Процентная ставка вознаграждения колеблется от 14% до 8% годовых, в зависимости от первоначального взноса.

Егер сіз пәтерді тұрғын үйдің қайталама нарығында сатып алғыңыз келсе, онда сатып алынатын пәтер қаланың шетінде орналасуға және салынған жылы 1960 жылдан төмен болмауға тиіс. Тұрғын үйді сатып алу кезінде сіз ипотекалық несиеге ден қоюыңызға болады. Несиені кез келген мерзімге: 5 жылдан 30 жылға дейінгі мерзімге ресімдей аласыз. Пайыздық мөлшерлемесі бастапқы жарнаға қарай жылдық сыйақының 14%-ынан 8%-ына дейін.

Скажите, пожалуйста, предметом залога может ли выступать приобретаемое жилье?

Айтыңызшы, сатып алынатын үй кепілзат бола ала ма?

Да. Залогом может выступать приобретаемое жилье. В залог вы можете предоставить банку не только купленную квартиру, но и имеющееся жилье, плюс первоначальный взнос, а также имеющееся и приобретаемое жилье, в зависимости от вашего выбора.

И¸. Сатып алынатын үй кепілзат бола алады. Банкіге кепілзат ретінде тек сатып алынған пәтерді ғана емес, сонымен бірге қолда бар және сатып алынатын тұрғын үйді де бере аласыз, өзіңіздің қалауыңыз біледі.

Меня устраивают ваши условия кредитования. Какие документы я должен(-а) предоставить для получения кредита?

Сіздердің несие беру шарттарыңыз маған қолайлы екен. Несие алу үшін қандай құжаттар беруім керек?

В нашем банке вам быстро оформят кредит при минимальном пакете документов. Вам необходимо принести в банк.

Біздің банкіде сізге құжаттар пакетін барынша азайтып, несиені тез ресімдейді. Сіз банкіге.

— удостоверение личности (копия, сверенная работником банка с подлинником);

— жеке бастың куәлігін (банк қызметкері түпнұсқамен салыстырып растаған көшірмесін);

— РНН (копия, сверенная работником банка с подлинником)

— СТТН-ін (банк қызметкері түпнұсқамен салыстырып растаған көшірмесін);

— удостоверение личности, РНН супруги(-а) (копия, сверенная работником банка с подлинником)

— жұбайының жеке куәлігін, СТТН-ін (банк қызметкері түпнұсқамен салыстырып растаған көшірмесін);

— нотариально удостоверенное согласие всех совершеннолетних собственников, указанных в договоре приватизации либо в других документах, являющихся основанием для приобретения жилья на передачу имущества в залог и его внесудебную реализацию (подлинник).

— жекешелендіру шартында не тұрғын үйді сатып алуға негіз болып табылатын басқа құжаттарда көрсетілген кәмелетке толған барлық меншіктенушілердің мүлікті кепілзатқа беруге және оны соттан тыс сатуға нотариус куәландырған келісімін (түпнұсқасын) әкелуіңіз қажет.

Да, требуется. Если квартира приобретена во время брака – нотариально удостоверенное согласие супруга(-и) на передачу имущества в залог и его внесудебную реализацию (подлинник);

И¸, талап етіледі. Егер пәтер некеде тұрған кезде сатып алынған болса – жұбайының мүлікті кепілзатқа беруге және соттан тыс сатуға нотариус куәландырған келісімі (түпнұсқасы) керек;

— если квартира принадлежит одному из супругов, и в момент ее приобретения он(-а) в браке не состоял(-а) – его (ее) нотариально удостоверенное заявление об этом (подлинник).

— егер пәтер жұбайлардың біріне тиесілі болса және оны сатып алу кезінде ол некеде тұрмаған болса – оның осы жайында нотариус куәландырған өтініші (түпнұсқасы) керек.

У нас в банке процентная ставка вознаграждения зависит от суммы первоначального взноса. Если первоначальный взнос составляет 20% от получаемого кредита, то процентная ставка составит 14% годовых. При первоначальном взносе 50% – процентная ставка снизится до 10% годовых. Иначе говоря: если вы хотите купить квартиру стоимостью 100000 долларов США, при этом ваш первоначальный взнос составляет 50000 долларов США, процентная ставка составит 10%.

Біздің банкіде сыйақының пайыздық мөлшерлемесі бастапқы жарнаның сомасына қарай есептеледі. Егер бастапқы жарна алынатын несиенің 20%-ын құраса, онда пайыз-дық мөлшерлеме жылдық сыйақының 14%-ы. Бастапқы жарна 50% болғанда – пайыздық мөлшерлеме жылдық сыйақының 10%-ына дейін төмендетіледі. Басқаша айтқанда, егер сіз құны 100000 АҚШ доллары тұратын пәтерді сатып алғыңыз келсе, ал сіздің бастапқы жарнаңыз 50000 АҚШ доллары болса, пайыздық мөлшерлеме 10%-ды құрайды.

Ваши ежемесячные выплаты по кредиту составят: 120000 тенге.

Сіздің несие бойынша ай сайынғы төлеміңіз 120000 теңге болмақ.

Да, вы можете досрочно погасить кредит без каких-либо штрафных санкций. Но, у нас существует мораторий 6 месяцев со дня первоначального взноса (со дня получения кредита).

И¸, сіз несиені ешқандай айыппұл төлемей, мерзімінен бұрын өтеуіңізге болады. Бірақ бізде бастапқы жарна төлеген күннен (несие алған күннен) бастап 6 айға тыйым салынған.

Консультацию вы можете получить в любом отделении банка в рабочие дни с 9 до 19 часов. Наши кредитные менеджеры (консультанты) профессионально проведут консультацию и ответят на все интересующие вас вопросы. Кредитные менеджеры работают и в выходные дни с 10 до 18 часов – в субботу и с 10 до 15 часов — в воскресенье.

Сіз банкінің кез келген бөлімшесінен жұмыс күндері сағат 9-дан 19-ға дейін кеңес ала аласыз. Біздің несие жөніндегі менеджерлеріміз (кеңесшілеріміз) кәсіби тұрғыда кеңес өткізеді және сіздің білгіңіз келген барлық сұрағыңызға жауап қайтарады. Несие жөніндегі менеджерлер демалыс күндері де жұмыс істейді: сенбіде сағат 10-нан 18-ге дейін, жексенбіде сағат 10-нан 15-ке дейін.

В первую очередь, вы должны.

— получить консультацию у менеджера банка для определения возможной суммы и срока кредита;

— несиенің ықтимал сомасы мен мерзімін анықтау үшін менеджерден ақыл-кеңес алуға;

— получить предварительный график погашения кредита;

— несиені өтеудің алдын ала кестесін алуға;

— получить перечень документов для предоставления в банк;

— банкіге беретін құжаттардың тізбесін алуға;

— получить предварительное решение о выдаче кредита.

— несие беру туралы алдын ала шешімді алуға тиіссіз.

Если банк одобрит выдачу кредита, могу ли я начать оформление купли-продажи?

Егер банк несие беруді мақұлдаса, мен сатып алу-сатуды ресімдеуге кірісе алам ба?

При положительном решении по кредитованию вы должны.

Несие беру жөнінде оң шешім болғанда сіз.

— открыть текущий счет;

— ағымдағы шотты ашуға;

— подписать договор купли-продажи с продавцом, нотариально заверив его;

— сатушымен сатып алу-сату шартына нотариустың растауымен қол қоюға;

— передать сумму первоначального взноса продавцу либо внести первоначальный взнос на депозит, который вы откроете в банке;

— бастапқы жарна сомасын беруге не бастапқы жарнаны өзіңіз банкіде ашатын депозитке салуға;

— подписать кредитный договор;

— несие шартына қол қоюға;

— оформить договора страхования;

— сақтандыру шартын ресімдеуге;

— получить кредит со своего текущего счета для дальнейшего расчета с продавцом.

— сатып алушымен есеп айырысу үшін өзіңіздің ағымдағы шотыңыздан несие алуға тиіссіз.

Мен құжаттарды банк арқылы Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықта қайта ресімдей аламын ба?

Да, вы можете переоформить правоустанавливающие документы на себя через доверенное лицо банка за дополнительную плату. Если же вы хотите оформить документы в Центре по недвижимости самостоятельно, то вам следует получить зарегистрированный ипотечный договор (экземпляр клиента) и копию документов на квартиру. Оригиналы документов на купленную квартиру вы приносите в банк. На приобретенную недвижимость накладывается арест.

Ия, сіз құқық белгілейтін құжаттарды банкінің сенім жүктелген тұлғасы арқылы ақыға өзіңізге қайта ресімдей аласыз. Егер сіз құжатты өз бетіңізше Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықта ресімдегіңіз келсе, онда сіз тіркелген ипотекалық шартты (клиенттің данасын) және пәтер құжаттарының көшірмелерін алуыңыз керек. Сатып алынған пәтер құжаттарының түпнұсқаларын банкіге әкелесіз. Сатып алынған жылжымайтын мүлікке тыйым салынады.

Мен сіздің банкіден салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға несие ала аламын ба?

Да. Вы можете получить кредит на покупку квартиры на первичном рынке жилья. Более подробную и профессиональную консультацию вы можете получить у менеджера по кредитам. Пройдите, пожалуйста, в кредитный отдел.

Ия. Сіз тұрғын үйдің бастапқы нарығында пәтер сатып алуға несие ала аласыз. Сіз неғұрлым егжей-тегжейлі және кәсіби кеңесті несие жөніндегі менеджерден ала аласыз. Несие бөліміне барғайсыз.

Добрый день. Меня направили к вам для получения более полной информации об оформлении кредита на приобретение строящегося жилья.

Қайырлы күн. Мені сізге салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға несиені ресімдеу туралы толығырақ ақпарат алу үшін жіберді.

Здравствуйте. Для получения кредита на приобретение строящегося жилья, на индивидуальное строительство и его отделку вам необходимо.

Сәлеметсіз бе? Салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға, жеке құрылысқа және оны әрлеуге несие алу үшін.

— составить график погашения кредита;

— несиені өтеу кестесін жасау;

Читайте также:  Виды договоров по видам сделок

— заключить со строительной компанией договор долевого участия либо договор подряда (при кредитовании на индивидуальное строительство силами строительной компании);

— құрылыс компаниясымен үлестік қатысу шартын не мердігерлік шартын жасасу (құрылыс компаниясының күшімен салынатын жеке құрылысқа несие беру кезінде);

— внести сумму первоначального взноса на счет строительной компании;

— бастапқы соманы құрылыс компаниясының шотына төлеу;

— предоставить договор долевого участия и документ, подтверждающий внесение суммы первоначального взноса;

— үлестік қатысу шартын және бастапқы жарна сомасының төленгенін қуаттайтын құжатты беру;

— подписать кредитный и другие договора;

— несие шарты мен басқа да шарттарға қол қою;

— уточнить порядок регистрации необходимых документов в Центре по недвижимости;

— қажетті құжаттарды Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықта тіркеу тәртібін нақтылау;

— получить кредит наличными деньгами, либо перечислить сумму кредита на счет строительной компании.

— несиені қолма-қол ақшалай алу не несие сомасын құрылыс компаниясының шотына аудару қажет.

Могу ли я рассчитаться со строительной компанией, сняв деньги со своего счета?

Мен өз шотымнан ақша алып, құрылыс компаниясымен есептесе аламын ба?

Да, вы можете получить кредит со своего текущего счета и осуществить расчеты с подрядчиком. После завершения строительства и ввода жилья в эксплуатацию необходимо заключить договор купли-продажи со строительной компанией и получить ключи от своего нового жилья.

Ия, сіз өзіңіздің ағымдағы шотыңыздан несие алып, мердігермен есептесе аласыз. Құрылыс аяқталып, тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін құрылыс компаниясымен сатып алу-сату шартын жасасып, өзіңіздің жаңа тұрғын үйіңіздің кілтін алуыңыз керек.

Скажите, пожалуйста, за чей счет проводится оценка недвижимости?

Айтыңызшы, жылжымайтын мүлік кімнің есебінен бағаланады?

В нашем банке оценка недвижимости и государственная регистрация сделки проводится за счет банка.

Біздің банкіде жылжымайтын мүлікті бағалау және мәмілені тіркеу банк есебінен жүргізіледі.

У нас отсутствует дополнительное обеспечение. Есть возможность выбора фиксированной или ступенчатой ставки. Вы можете перечислять заемные средства единовременно или траншами, по мере строительства объекта. Существует возможность перечисления первоначального взноса на депозит банка, либо непосредственно на счет строительной компании. Регистрация прав собственности и залога недвижимости осуществляется за счет банка. Мы сотрудничаем с ведущими строительными компаниями с безупречной репутацией.

Бізде қосымша қамтамасыз ету жоқ. Тиянақталған немесе сатылы мөлшерлемелерді таңдау мүмкіндіктері бар. Сіз қарыз қаражатын бір мезгілде немесе объектінің салынуына қарай траншпен аударуыңызға болады. Бастапқы жарнаны банк депозитіне, не тікелей құрылыс компаниясының шотына аударуға мүмкіндік бар. Меншік құқығы мен жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу банк есебінен жүргізіледі. Біз мінсіз беделді жетекші құрылыс компанияларымен ынтамақтасып отырмыз.

Да, денежные средства вы можете накапливать на депозитах банка.

Ия, ақшалай қаражатты сіз банкінің депозитінде жинай аласыз.

Вы можете досрочно и без штрафов погасить кредит.

Сіз несиені мерзімінен бұрын және айыппұлсыз өтей аласыз.

Мы можем предложить вам различные программы ипотечного кредитования. У нас есть программа кредитования, при которой вы можете улучшить свои жилищные условия путем приобретения нового жилья и, в будущем, продажи уже имеющегося. При подобном кредитовании вы получаете кредит в 100% от стоимости приобретаемого жилья. Первоначальный взнос отсутствует – залогом выступает имеющаяся квартира. Старая квартира продается позже и по более выгодной цене.

Біз сізге ипотекалық несиенің түрлі бағдарламаларын ұсына аламыз. Бізде өзіңіздің тұрғын үй жағдайыңызды жаңа тұрғын үй сатып алу және қазірдің өзінде бар тұрғын үйді болашақта сату жолымен жақсартуыңызға болатын несие беру бағдарламасы бар. Мұндай несиелендіруде сатып алынатын тұрғын үй құнының 100%-ы түрінде несие аласыз. Бастапқы жарна болмайды – қолда бар пәтер кепілзат болады. Ескі пәтер кейінірек және неғұрлым тиімді бағамен сатылады.

Процент вознаграждения зависит от выбранного кредитного пакета. Есть пакет рассчитанный на клиентов, имеющих ежемесячный доход более 100000 тенге. Он выдается сроком до 25 лет, с первоначальным взносом от 15% годовых. Погашение суммы основного долга возможно через 6 месяцев с момента получения кредита. Кредит выдается под 13% годовых. При условии предоставления дополнительного залога вы можете воспользоваться другим кредитным пакетом. Первоначальный взнос 30% и более. Условием получения кредита по этой линии является предоставление дополнительного взноса. Кредитная линия, рассчитанная на неотложные нужды предлагает вам услуги на получение займа под залог имущества. Процентная ставка вознаграждения зависит от первоначального взноса от стоимости жилья предоставляемого в залог. При первоначальном взносе — 20% выплаты составят 13%, в случае, если кредит берется в долларах США, 14% — если в тенге.

Сыйақы пайызы таңдалған несие пакетіне байланысты. Ай сайынғы табысы 100000 теңгеден асатын клиенттерге есептелген. Ол 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі, бастапқы жарнасы жылдық сыйақының 15%-ы. Негізгі борыштың сомасын несие алған кезден 6 ай өткен соң өтеуге болады. Несие жылдық сыйақының 13%-ы есебімен беріледі. Қосымша кепілзат беру жағдайында сіз басқа несие пакетін пайдалана аласыз. Бастапқы жарна 30% және одан көп. Қосымша жарна беру осы желі бойынша несие алу шарты болып табылады. Шұғыл мұқтаждарға арналған несие желісі сізге мүлік кепілімен қарыз алу қызметін ұсынады. Сыйақының пайыздық мөлшерлемесі кепілзатқа берілетін тұрғын үй құнынан төленетін бастапқы жарнаға байланысты. Бастапқы жарна 20% болғанда, егер несие АҚШ долларымен алынса, төлем 13%-ды, теңгемен алынса, 14%-ды құрайды.

Если я внесу половину суммы от стоимости жилья, какова будет процентная ставка вознаграждения?

Егер мен тұрғын үй құны сомасының жартысын төлесем, сыйақының пайыздық мөлшерлемесі қандай болмақ?

Если первоначальный взнос составляет 50%, процентная ставка вознаграждения снижается до 10% годовых.

Егер бастапқы жарна 50%-ды құраса, сыйақының пайыздық мөлшерлемесі жылдық сыйақының 10%-ына дейін төмендетіледі.

Какие документы необходимо предоставить для получения кредита под залог недвижимого имущества?

В случае, если в залог предлагается квартира, вам необходимо предоставить:

Кепілзатқа пәтер ұсынылған жағдайда сіз.

документы, на основании которых возникло право на недвижимое имущество (договор купли-продажи, мены, дарения, и др.) – копия, сверенная работником банка с подлинником;

жылжымайтын мүлікке құқықты туындатқан құжаттарды (сатып алу-сату, айырбас, сыйға тарту шарты, т.б.) – банк қызметкері түпнұсқамен салыстырып, растаған көшірмесін;

план на квартиру (техпаспорт) – копия, сверенная с работником банка с подлинником;

пәтердің жоспары (техпаспорт) – банк қызметкері түпнұсқамен салыстырып, растаған көшірмесін;

свидетельство о государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним (копия, сверенная работником банка с подлинником).

жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен жасалған мәмілені мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (банк қызметкері түпнұсқамен салыстырып, растаған көшірмесін) беруіңіз қажет.

Я хотел(-а) бы в залог предоставить жилой дом. Возможно ли это?

Мен кепілзатқа тұрғын үй ұсынғым келеді. Бұл мүмкін бе?

В случае, если залогом является жилой дом, то Вам, необходимо собрать следующие документы, кроме вышеуказанных:

Егер тұрғын үй кепілзат болса, онда жоғарыда айтылған құжаттармен бірге мынадай құжаттар жинау қажет:

акт кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка;

жер телімінің кадастрлық (бағаланба) құнының актісі;

акт оценочной стоимости недвижимого имущества, расположенного на земельном участке;

жер телімінде орналасқан жылжымайтын мүліктің бағаланба құнының актісі;

акт на право собственности на земельный участок, зарегистрированный в уполномоченном органе;

уәкілетті органда тіркелген жер теліміне меншік құқығының актісі;

план границ земельного участка;

жер телімі шекарасының жоспары;

перечень всех известных залогодателю, к моменту заключения договора прав третьих лиц на предмет ипотеки.

шарт жасасылған сәтте ипотека затына үшінші тұлғалардың кепілзат берушіге мәлім барлық құқықтарының тізбесі.

Нет. В перечень документов, необходимых для получения любого кредита в обязательном порядке входят.

Жоқ. Кез келген несиені алу үшін қажетті құжаттардың тізбесіне.

— удостоверение личности (копия, сверенная работником банка с подлинником);

— жеке бастың куәлігі (банк қызметкері түпнұсқамен салыстырып, растаған көшірмесі);

— РНН (копия, сверенная работником банка с подлинником);

— СТТН (банк қызметкері түпнұсқамен салыстырып, растаған көшірмесі);

— свидетельство о браке (нотариально заверенная копия);

— удостоверение личности, РНН супруга(-и) – (копия, сверенная работником банка с подлинником) и другие документы.

— жұбайының жеке куәлігі, СТТН-і (банк қызметкері түпнұсқамен салыстырып, растаған көшірмесі) және басқа құжаттар міндетті түрде кіреді.

Наш банк может предложить вам другую кредитную линию, такую как, ипотечный кредит для молодежи. Кредит рассчитан на молодых людей не старше 30 лет включительно. Для получения кредита по этой опции необходимо иметь высшее образование, стаж работы не менее 2 лет. Обязательное условие – подтверждение доходов. Залогом выставляется приобретенная квартира. Срок погашения кредита – до 30 лет. Максимальная сумма кредита составляет 15000000 тенге. Предоставляется минимум документов – оригиналы удостоверения личности, РНН, СИКа.

Біздің банк сізге жастарға арналған ипотекалық несие сияқты басқа несие желісін ұсына алады. Несие жасы қоса есептегенде 30-дан аспаған жас адамдарға арналған. Бұл опция бойынша несие алу үшін жоғары білім, кемінде 2 жылдық жұмыс өтілі болуы қажет. Міндетті шарты – табыстың қуаттамасы. Сатып алынған пәтер кепілзатқа қойылады. Несиені өтеу мерзімі – 30 жылға дейін. Несиенің ең жоғары сомасы 15000000 теңге. Ұсынылатын құжаттар барынша аз – жеке бас куәлігінің, СТТН-нің, ӘЖК-нің (әлеуметтік жеке кодтың) түпнұсқалары.

5 Беззалоговый кредит

Здравствуйте. Я хотел(-а) бы оформить в вашем банке кредит.

Сәлеметсіз бе. Мен сіздің банкіде несие ресімдегім келеді.

Меня интересует беззалоговый кредит.

Мен кепілзатсыз несиені білгім келеді.

Беззалоговый кредит рассчитан специально для работников бюджетной сферы. Кредит оформляется в максимально короткие сроки на любые потребительские цели.

Кепілзатсыз несие арнайы бюджет аясының қызметкерлеріне арналған. Барынша қысқа мерзімде кез келген тұтынушылық мақсаттарға ресімделеді.

Какие льготы у вас имеются для клиентов, получающих зарплату через ваш банк?

Жалақыны сіздің банк арқылы алатын клиенттер үшін сіздерде қандай жеңілдіктер бар?

Для клиентов, получающих зарплату через наш банк у нас существуют льготы.

Жалақыны біздің банк арқылы алушылар үшін бізде жеңілдіктер бар.

Для работников бюджетной сферы у нас более мягкие условия кредитования.

Бюджеттік ая қызметкері үшін бізде неғұрлым икемді жағдай жасалған.

Получатели зарплат через банк могут оформить кредит без залога сроком от 1 до 3 лет. Погашение кредита осуществляется автоматически, путем списания денег клиента с карточки или текущего счета.

Банк арқылы жалақы алушылар несиені кепілзатсыз 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге ресімдей алады. Клиенттің ақшасын карточкадан немесе ағымдағы шоттан есептен шығару жолымен несие өзінен-өзі өтеледі.

Какой пакет документов я должен предоставить банку для получения беззалогового кредита?

Мен кепілзатсыз несие алу үшін банкіге қандай құжаттар пакетін ұсынуға тиіспін.

Для оформления беззалогового кредита необходимо предоставить удостоверение личности и копию РНН, подписать заявление установленной формы.

Кепілзатсыз несиені ресімдеу үшін жеке бастың куәлігі мен СТТН-нің көшірмесін ұсыну, белгіленген нысандағы өтінішке қол қою қажет.

Читайте также:  Договор займа с оплатой процентов ежемесячно

Срок рассмотрения заявления о выдаче кредита до 3 банковских дней.

Несие беру туралы өтінішті қарау мерзімі 3 банкілік күнге дейін.

Рассчитайте, пожалуйста, какую сумму я буду выплачивать ежемесячно по кредиту.

Менің несие бойынша ай сайын қанша сома төлейтінімді есептеңізші.

Я хочу взять кредит сроком на 12 месяцев.

Мен несиені 12 ай мерзімге алғым келеді.

Я хочу получить кредит в тенге.

Мен несиені теңгемен алғым келеді.

Я хочу взять кредит в размере 150000 тенге.

Мен 150000 теңге мөлшерінде несие алғым келеді.

У меня зарплата 50000 тенге.

Менің жалақым 50000 теңге.

Учитывая ваш заработок, вы можете получить кредит в размере 100000 тенге.

Өзіңіздің табысыңызды ескеретін болсақ, сіз 100000 теңге мөлшерінде несие ала аласыз.

Ваш процент, подлежащий к выплате за 12 месяцев составит 13000 тенге. Общая сумма, подлежащая к возврату за 12 месяцев: 113000 тенге. Общее вознаграждение за пользование кредитом составляет 13% в год от первоначально выданной суммы займа. Ваш ежемесячный платеж по кредиту, выданному на 12 месяцев под 13% составит: 9417 тенге.

Сіздің 12 айда төлеуге тиісті пайызыңыз 13000 теңгені құрайды. 12 айда қайтарылуға тиісті жалпы сома 113000 теңге. Несиені пайдалану үшін жалпы сыйақы қарыздың бастапқы берілген сомасынан жылына 13%-ды құрайды. Сіздің 12 айға 13%-бен берілген несие бойынша ай сайынғы төлеміңіз 9417 теңге болады.

Если я уже брал(-а) заем в вашем банке, я могу получить очередной кредит?

Егер мен сіздің банкіден бұрын қарыз алған болсам, кезекті несие ала аламын ба?

Если вы ранее брали кредит и имеете положительную кредитную историю любого из банков, вы можете получить очередной заем. По этой программе предоставляются скидки на комиссионные услуги, а также отсутствует мораторий на досрочное погашение.

Егер сіз бұрын несие алған болсаңыз және кез келген банкіден алған несиеңіздің тарихы болымды болса, онда кезекті қарыз ала аласыз. Бұл бағдарлама бойынша комиссиялық қызмет көрсетуге шегерім беріледі, сондай-ақ мерзімінен бұрын өтеуге тыйым салынбайды.

В нашем банке вы можете оформить кредит на образование. Кредитная линия рассчитана на получение высшего образования по программам «бакалавр», «специалист» и «магистр» дневной формы обучения.

Біздің банкіде сіз білім алуға несиені ресімдей аласыз. Несие желісі күндізгі оқыту нысанындағы «бакалавр», «маман» және «магистр» бағдарламалары бойынша жоғары білім алуға арналған.

Какие условия кредитования существуют в вашем банке для получения кредита на образование?

Сіздің банкіде білім алуға несие алу үшін несие берудің қандай шарттары бар?

Получить кредит могут физические лица, граждане Республики Казахстан в возрасте от 16 до 30 лет, получившие по результатам ЕНТ (единого национального тестирования) или комплексного тестирования не менее 60 баллов. Требуется наличие постоянной или временной прописки по месту жительства на территории Республики Казахстан. Успеваемость в период обучения в ВУЗе должна быть не ниже 3,5 баллов. Срок кредитования от 1 года до 10 лет. Обязательно личное страхование заемщика.

БҰС (Бірыңғай ұлттық сынақтама) немесе кешенді сынақтама нәтижелері бойынша кем дегенде 60 балл алған 16 жастан 30 жасқа дейінгі жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары несие алуына болады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жер бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелімі болуы талап етіледі. Жоғары оқу орнында оқу кезеңіндегі үлгерім 3,5 балдан төмен болмауға тиіс. Несиелендіру мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін. Қарызгер жеке басын сақтандыруға міндетті.

Процентная ставка зависит от успеваемости:

Пайыздық мөлшерлеме үлгерімге байланысты:

— от 106 до 120 баллов;

— 106 балдан 120 балға дейін;

— от 4,51 и 5 баллов – 14% годовых

— 4,51 балл мен 5 балл – жылдық сыйақының 14%-ы;

— от 91 до 105 баллов;

— 91 балдан 105 балға дейін;

— от 4,21 и 4,5 баллов – 15% годовых

— 4,21 балл мен 4,5 балл – жылдық сыйақының 15%-ы;

— от 60 до 90 баллов;

— 60 балдан 90 балға дейін;

— от 3,5 и 4,2 баллов – 16% годовых.

— 3,5 бал мен 4,2 балл – жылдық сыйақының 16%-ы.

Сумма кредита составляет от 100000 до 4000000 тенге.

Несие сомасы 100000 теңгеден 4000000 теңгеге дейін болады.

Да, можете. Эта форма предоставления займа удобна для оплаты за каждый последующий семестр по результатам учебы за предыдущий семестр. По окончании сессии, студент предоставляет справку с ВУЗа об успеваемости для выдачи очередного транша. Кредит является беззалоговым. Возможно привлечение созаемщика или гаранта.

Ия, ала аласыз. Қарыз берудің бұл нысаны алдыңғы өткен семестрдегі оқу нәтижелері бойынша әрбір кейінгі семестр үшін ақы төлеуге қолайлы. Сессия аяқталғаннан кейін студент кезекті транш беру үшін жоғары оқу орнынан үлгерім туралы анықтама тапсырады. Несие кепілзатсыз несие болып табылады. Ортақ қарызгерді немесе кепілгерді тартуға болады.

Для открытия этой кредитной линии необходимы следующие документы:

Осы несие желісін ашу үшін мынадай құжаттар қажет:

— документ, удостоверяющий личность;

— жеке басты куәландыратын құжат;

— свидетельство о регистрации налогоплательщика (РНН);

— салық төлеушіні тіркеу туралы куәлік (СТТН);

— государственный сертификат единого национального или комплексного тестирования или справка об успеваемости студента – зачетная книжка;

— бірыңғай ұлттық немесе кешендік сынақтаманың мемлекеттік сертификаты немесе студенттің үлгерімі туралы анықтама – сынақ кітапшасы;

— книга регистрации граждан (или иной документ, содержащий информацию о регистрации клиента по месту жительства);

— азаматтың тіркелу кітабы (немесе клиентті тұрғылықты жер бойынша тіркеу туралы ақпарат берілген өзге құжат);

— договор, заключенный клиентом с учебным заведением;

— клиент оқу орнымен жасасқан шарт;

— счет на оплату обучения;

— оқу ақысын төлеу шоты;

— согласие родителей на получение займа.

— ата-анасының қарыз алуға келісуі.

Созаемщик или гарант должен предоставить следующие документы:

Ортақ қарызгер немесе кепілгер мынадай құжаттар тапсыруға тиіс:

— документ, удостоверяющий личность;

— жеке басты куәландыратын құжат;

— свидетельство о регистрации налогоплательщика;

— салық төлеушіні тіркеу туралы куәлік;

— книга регистрации граждан;

— азаматтарды тіркеу кітабы;

— СИК (социальный индивидуальный код);

— ӘЖК (әлеуметтік жеке код);

— справка с места работы;

— жұмыс орнынан анықтама;

— справка о заработной плате за последние 6 месяцев.

— соңғы 6 айдағы жалақы туралы анықтама.

6 Банковские инновации

Инновация буквально означает «инвестиция в новацию». Новация представляет собой какое-то новшество, ранее не существовавшее. В соответствии с гражданским правом новация означает соглашение сторон о замене одного заключенного ими обязательства другим. Результат такой замены и означает нововведение.

Инновация сөзбе-сөз «новацияға (жаңа енгізілімге) жұмсалған инвестиция» дегенді білдіреді. Жаңа енгізілім бұрын болмаған қайсыбір жаңалық болып табылады. Азаматтық құқыққа сәйкес жаңа енгізілім тараптар жасасқан бір міндеттемені басқасымен ауыстыру туралы олардың келісімі дегенді білдіреді. Осындай ауыстырудың нәтижесі де жаңа енгізілім дегенді білдіреді.

Банковская инновация – это реализованный в форме нового банковского продукта или операции (технологии) конечный результат инновационной деятельности банка.

Банк инновациясы – жаңа банк өнімі немесе операция (технология) нысанында іске асырылған банкінің инновациялық қызметінің ақырғы нәтижесі.

Под банковским продуктом подразумевается материально оформленная часть банковской услуги (карта, сберегательная книжка, дорожный чек, электронный кошелек и т.д.). Банковский продукт имеет вид вещи, предназначенный для продажи на финансовом рынке.

Банк өнімі деп банк көрсететін қызметтің материалдық тұрғыдан ресімделген бөлігі (карта, жинақ кітапшасы, жол чегі, электронды әмиян, т.б.). Банк өнімі қаржы нарығында сатуға арналған зат түрінде болады.

Новый банковский продукт:

Жаңа банк өнімі:

— көпшілік қолды түрлерге бөлінеді.

Единичный банковский продукт — это индивидуальный продукт. Как вещь, он имеет характерные, только ему присущие особенности, которые выделяют его среди других банковских продуктов. Например, конкретная монета из конкретного драгоценного металла определенной массы, конкретная недвижимость, облигация конкретного эмитента-банка и др. Он имеет четко определенный круг своих покупателей. Поэтому он выпускается в расчете на конкретных потребителей.

Жеке-дара банк өнімі — жеке өнім. Зат ретінде оны басқа банк өнімдерінің арасында бөлектеп тұратын тек өзіне ғана тән сипатты ерекшеліктері болады. Мысалы, нақты асыл металдан шекілген белгілі бір салмағы бар нақты мәнет, нақты жылжымайтын мүлік, нақты эмитент-банкінің облигациясы, т.б. Оның сатып алушыларының айқын белгіленген шеңбері болады. Сондықтан ол нақты тұтынушыларға арналған есеппен шығарылады.

Массовый банковский продукт — это продукт без четко выраженной индивидуальности. У него нет особых характерных черт. Он различается только по видам продукта или финансового актива, например, банковский депозит, банковский счет, облигации государственного внутреннего или муниципального займа всех видов и др. Массовый финансовый продукт выпускается в расчете на широкий круг потребителей и инвесторов.

Көпшілік қолды банк өнімі — айқын жеке-дара сипаты жоқ өнім. Оның ерекше сипатты белгілері жоқ. Ол өнім түрлері немесе қаржы активі бойынша ғана ерекшеленеді, мысалы, банк депозиті, банк шоты, мемлекеттік ішкі немесе барлық түрдегі мунипицалдық қарыз облигациялары, т.б. Көпшілік қолды қаржы өнімі тұтынушылар мен инвесторлардың қалың қауымына арналған есеппен шығарылады.

Это продукт, объем или количество которого строго квотируется. Этот объем устанавливается при выпуске. Размер объема определяется многими факторами: размером уставного капитала акционерного банка, спросом потребителей, и т.д. К лимитируемым банковским продуктам относятся акции, облигации, виды кредитных соглашений и др. Он выпускается в расчете на конкретного покупателя.

Ол көлемі немесе саны үлестемелетін өнім. Бұл көлем шығару кезінде белгіленеді. Көлем мөлшері көптеген факторлармен: акционерлік банкінің жарғылық капиталымен, тұтынушылардың сұранымымен, т.б. айқындалады. Лимиттелетін банк өнімдеріне акциялар, облигациялар, несие келісімдерінің түрлері, т.б. жатады. Ол нақты сатып алушыға арналған есеппен шығарылады.

Нелимитированный банковский продукт представляет собой продукт, объем (количество) выпуска которого не ограничен никакими квотами. Он выпускается в расчете на возможного потенциального покупателя. К нелимитированному банковскому продукту относятся: пластиковые расчетные и кредитные карты, банковские счета и т.п.

Лимиттелмеген банк өнімі – шығарылу көлемі (саны) ешқандай үлестемемен шектелмеген өнім. Ол ықтимал әлеуетті сатып алушыға арналған есеппен шығарылады. Лимиттелмеген банк өніміне: пластикалық есептесу және несиелік карталар, банк шоттары, т.б. жатады.

Новый банковский продукт может быть в форме:

Жаңа банк өнімі:

— мүліктік құқық нысанында болуы мүмкін.

Имущество представляет собой материальный объект собственности, например, деньги, мерные слитки золота, монеты, ценные бумаги и др.

Мүлік деген меншіктің материалдық объектісі, мысалы, ақша, алтынның өлшемді құймасы, мәнет, бағалы қағаздар, т.б.

Имущественное право означает право владеть, распоряжаться и пользоваться определенным имуществом. К банковскому продукту в форме имущественных прав относятся такие документы, как договор банковского счета, кредитные соглашения и т.п.

Читайте также:  Договор сотрудничества по организации питания

Мүліктік құқықтың мәнісі белгілі бір мүлікті иелену, билеу, пайдалану құқығы дегенді білдіреді. Мүліктік құқық нысанындағы банк өніміне банк шотының шарты, несиелік келісімдер, т.б. сияқтылар жатады.

Банковские операции представляют собой процедуру действий, направленную на решение определенной задачи по управлению банковским капиталом. К банковским операциям относятся:

Банк операциясы дегеніміз банк капиталын басқару жөніндегі белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталған әрекеттердің рәсімі. Банк операцияларына:

— формы контроля и учета движения денежных средств и ценных бумаг;

— ақшалай қаражат пен бағалы қағаздар қозғалысын бақылау мен есепке алу нысандары;

— методы планирования финансовых показателей;

— қаржы көрсеткіштерін жоспарлау әдістері;

— методология составления финансовых планов разных видов;

— әртүрлі қаржы жоспарларын жасау әдіснамасы;

— приемы финансового анализа;

— қаржы талдауының тәсілдері;

— формы организации финансовой работы в банке;

— банкіде қаржы жұмысын ұйымдастыру нысандары;

— интерактивное и другое аналогичное инвестирование капитала и другие действия.

— капиталды интерактивтік және басқа ұқсас инвестициялау мен басқа да әрекеттер жатады.

Жизненный цикл банковской инновации – это определенный период времени, в течение которого банковский продукт или операция обладает активной жизненной силой и приносит банку как продуценту (производителю) и продавцу инновации определенную прибыль или другую реальную выгоду. Концепция жизненного цикла имеет важное значение при планировании производства инноваций и организации инновационного процесса в банковской сфере. Это значение проявляется в том, что концепция жизненного цикла банковской инновации:

Банк инновациясының өміршеңдік циклі – белгілі бір уақыт кезеңі, бұл кезең бойына банк өнімі немесе операция белсенді өміршеңдік күшке ие болады және банкіге өнімгер (өндіруші) және инновация сатушы ретінде белгілі бір пайда немесе басқадай нақты тиімділік әкеледі. Өміршеңдік циклі тұжырымдамасының инновациялар өндірісін жоспарлауда және банк аясындағы инновациялық үдерісті ұйымдастыруда зор маңызы бар. Оның мәні мынадан көрініс табады: банк инновациясының өміршеңдік циклінің тұжырымдамасы:

— вынуждает руководителя банка и его маркетинговую службу анализировать хозяйственную деятельность как с позиции настоящего времени, так и с точки зрения перспектив ее развития;

— шаруашылық қызметті қазіргі уақыт тұрғысынан да, оның даму келешегі тұрғысынан да талдауға банк басшысын және оның маркетингілік қызметін мәжбүр етеді;

— обосновывает необходимость систематической работы по планированию выпуска инноваций (поиск идей, организация инновационного процесса, создание банковской инновации, ее продвижение на рынке и диффузия), а также по приобретению инноваций (изучение спроса, банковский маркетинг, бенгмаркетинг);

— инновациялардың шығарылымын жоспарлау жөніндегі (идеяларды іздестіру, инновациялық үдерісті ұйымдастыру, банк инновациясын жасау, оны нарықта жылжыту және қайта тарату), сондай-ақ инновацияларды сатып алу жөніндегі (сұранымды зерттеу, банк маркетингі, бенгмаркетинг) жүйелі жұмыстың қажеттілігін негіздейді;

— является основой механизма анализа и планирования инновации.

— инновацияны талдау және жоспарлау тетігінің негізі болып табылады.

На какие элементы можно разделить процесс планирования банковской инновации?

Всю деятельность по планированию банковской инновации можно разделить на ряд элементов, которые включают в себя:

Банк инновациясын жоспарлау жөніндегі барлық қызметті мыналарды қамтитын бірқатар нышандарға бөлуге болады:

— исследование финансового рынка;

— қаржы нарығын зерттеу;

— исследование рынка банковской инновации по данному активу рынка;

— нарықтың осы активі бойынша банк инновациясы нарығын зерттеу;

— исследование продолжительности жизни банковской инновации;

— банк инновациясы өміршеңдігінің ұзақтығын зерттеу;

— разработку банковской инновации (т.е. производство банковского продукта или новой операции);

— банк инновациясын әзірлеу (яғни банк өнімін немесе жаңа операцияны жасау);

— мероприятия по продвижению банковской инновации;

— банк инновациясын жылжыту жөніндегі шаралар;

— организацию продажи (сбыта) банковской инновации;

— банк инновациясын сатуды (өткізуді) ұйымдастыру;

— диффузию банковской инновации.

— банк инновациясын қайта тарату (диффузия).

Жизненный цикл нового банковского продукта включает в себя семь стадий:

Жаңа банк өнімінің өміршеңдік циклі жеті сатыны қамтиды:

— разработка нового банковского продукта;

— жаңа банк өнімін әзірлеу;

Своп представляет собой валютную операцию по обмену между субъектами обязательствами или активами.

Своп субъектілер арасында міндеттемелерді немесе активтерді айырбастау жөніндегі валюталық операция болып табылады.

Своп подразделяется на:

— своп с нулевым купоном.

— нөл купондық своп болып бөлінеді.

Валютный своп представляет собой покупку и одновременную форвардную продажу валюты (депорт) или, наоборот, продажу и одновременную форвардную покупку валюты (репорт).

Валюталық своп валютаны сатып алу және сонымен бір мезгілде форвардтық сату (депорт) немесе валютаны сату және сонымен бір мезгілде форвардтық сатып алу (репорт) болып табылады.

Процентный своп – это обмен процентными ставками по заемным средствам.

Пайыздық своп – қарыз қаражаты бойынша пайыздық мөлшерлемелерді айырбастау.

Валютно-процентный своп представляет собой обмен как валютами, так и процентами. Этот вид свопа может быть заключен между несколькими участниками.

Валюталық-пайыздық своп валютамен де, пайызбен де айырбастау болып табылады. Своптың бұл түрі бірнеше қатысушылар арасында жасасылуы мүмкін.

Сущность свопа с нулевым купоном заключается в том, что эмитент бескупонной облигации может осуществить обмен фиксированного дохода по плавающей процентной ставке путем одновременного процентного свопа и обратного ежегодного платежа.

Нөлдік купонмен жасалатын своптың мәні мынада: купонсыз облигацияның эмитенті тіркелген кірісті бір мезгілде пайыздық своп және жыл сайынғы кері төлем жолымен өзгермелі пайыздық мөлшерлеме бойынша айырбастауы мүмкін.

Счет НОУ представляет соединение депозитного вклада и текущего счета. Владелец счета НОУ имеет право при уведомлении за 30 дней выписать «обращающиеся приказы об изъятии» и использовать их для платежей как расчетные чеки. По счету НОУ устанавливается обязательный минимальный остаток вклада, который возвращается владельцу только после закрытия счета, а также строгое назначение вклада.

НОУ шот депозиттік салым мен ағымдағы шоттың ұштастырылуы болып табылады. НОУ шоттың иесі 30 күн бұрын хабар алған кезде «өндіріп алу туралы айналыстағы бұйрықтар» деп жазуға және оларды есеп айырысу чектері ретінде төлемдер үшін пайдалануға құқылы болады. НОУ шот бойынша иесіне шот жабылғаннан кейін ғана қайтарылатын салымның міндетті ең аз қалдығы, сондай-ақ салымның қатаң мақсаты белгіленеді.

Операция по складированию свопов предполагает заключение договора о свопе с банком и его страхование (обычно фьючерсами) до того момента, пока банк не подыщет вторую сторону договора о свопе. Например, банк заключает с инвестором договор об обмене процентными ставками и одновременно производит страхование величины процентной ставки.

Своптарды жинақтау операциясы банкімен своп туралы шарт жасасуды және оны банк своп туралы шарттың екінші тарабын іздеп тапқанға дейін сақтандыруды (әдетте фьючерстермен) көздейді. Мысалы, банк инвестормен пайыздық мөлшерлемелерді айырбастау туралы шарт жасасады, сонымен бір мезгілде пайыздық мөлшерлеме шамасын сақтандырады.

В чем состоит содержание операции по сочетанию контокоррента с овердрафтом?

Содержание этой операции состоит в их совместном использовании при денежных платежах, особенно при валютных расчетах. Когда денежные средства поступают на счет владельца раньше наступления срока платежа по заключенным контрактам, то они зачисляются на контокоррентный счет. Если срок платежа наступает раньше срока поступления денег, то инвестор использует овердрафт банка. Возврат кредита банку по овердрафту и процентов по нему будет произведен в момент поступления денег на счет владельца.

Бұл операцияның мазмұны ақшалай төлемдерді төлеу кезінде, әсіресе валюталық есеп айырысу кезінде оларды бірге пайдалануда. Ақшалай қаражат иеленушінің шотына жасасқан келісімшарт бойынша төлем мерзімінен бұрын түскен кезде ол конторренттік шотқа есептеледі. Егер төлем мерзімі ақшаның түсуінен бұрын басталған болса, онда инвестор банк овердрафтысын пайдаланады. Овердрафт бойынша несие және ол бойынша пайыздар банкіге ақшаның иеленуші шотына түсуі сәтінде қайтарылады.

См. также в других словарях:

Договор займа — Договор займа это соглашение, в котором одна сторона (займодавец) передает в собственность другой стороне (заемщику) деньги или другие вещи, определенные родовыми признаками. Заемщик обязуется возвратить займодавцу такую же сумму денег… … Википедия

Договор займа — – соглашение, по которому одна сторона предоставляет заем другой стороне. Юридическое определение такого соглашения дается в ст. 807 Гражданского кодекса РФ: «По договору займа одна сторона (заимодавец) передает в собственность другой стороне… … Банковская энциклопедия

Договор займа — (англ. contract of loan) в РФ гражданско правовой договор, в соответствии с которым одна сторона (заимодавец) передает в собственность др. стороне (заемщику) деньги или др. вещи, определенные родовыми признаками, а заемщик обязуется возвратить… … Энциклопедия права

Договор займа — договор, согласно которому заемщик получает от заимодавца в собственность или в оперативное управление деньги либо товары, а через определенный срок обязан вернуть равную сумму денег или товары эквивалентной значимости и ценности. Взимание… … Финансовый словарь

договор займа — Договор, по которому одна сторона (заимодавец) передает в собственность другой стороне (заемщику) деньги или другие вещи, определенные родовыми признаками, а заемщик обязуется возвратить заимодавцу такую же сумму денег (сумму займа) или равное… … Справочник технического переводчика

ДОГОВОР ЗАЙМА — договор о передаче одной стороной (заимодавец) в собственность другой стороне (заемщику) денег или других вещей, определенных родовыми признаками, на условиях возврата заимодавцу такой же суммы денег (суммы займа) или равного количества других… … Финансово-кредитный энциклопедический словарь

ДОГОВОР ЗАЙМА — по гражданскому законодательству РФ (гл. 42 ГК РФ) договор, по которому одна сторона (займодавец) передает в собственность другой стороне (заемщику) деньги или другие вещи, определенные родовыми признаками, а заемщик обязуется возвратить… … Юридическая энциклопедия

ДОГОВОР ЗАЙМА — договор, по которому одна сторона (заимодавец) передает в собственность другой стороне (заемщику) деньги или другие вещи, определенные родовыми признаками, а заемщик обязуется возвратить заимодавцу такую же сумму денег (сумму займа) или равное… … Юридический словарь

Договор Займа — договор, по которому одна сторона (заимодавец) передает в собственность другой стороне (заемщику) деньги или имущество, а заемщик обязуется возвратить заимодавцу такую же сумму денег (сумму займа) или имущество того же рода и качества. Д.з.… … Словарь бизнес-терминов

Договор займа — – договор, по которому одна сторона (займодатель) передает в собственность другой стороне (заемщику) деньги или другие вещи, определенные родовыми признаками, а заемщик обязуется возвратить займодавцу такую же сумму денег (сумму займа) или равное … Коммерческая электроэнергетика. Словарь-справочник

ДОГОВОР ЗАЙМА — в соответствии со ст. 760 ГК по договору займа одна сторона (заимодавец) передает в собственность другой стороне (заемщику) деньги или другие вещи, определенные родовыми признаками, а заемщик обязуется возвратить заимодавцу такую же сумму денег… … Юридический словарь современного гражданского права

Источник

Поделиться с друзьями
МальтаВиста